Қазақстан мен Қытай мұнай құбырларының магистральдық жүйесін кеңейтуге дайындалып жатыр

5681

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Талғат Құрманбаев CNPC компаниясының вице-президенті, PetroChina президенті Хуан Юнчжанмен кездесті. Тараптар «Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау саласындағы тиімді өзара іс-қимылды атап өтіп, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырларын салу» инвестициялық жобасы Қазақстанның көмірсутектерді тасымалдаудың көпвекторлы жүйесін құру саясаты шеңберінде іске асырылды. Жобаның қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ, «МұнайТас» ЖШС және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, сондай-ақ олардың әрқайсысы «Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің тиісті учаскесінің меншік иесі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -