Димаш Құдайберген мен Айман Мұсақожаева ҚазҰӨУ-дың мерейтойында сөз сөйледі

4059
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ ұлттық өнер университетін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Астана Опера» театрында өткен салтанатты іс-шарада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов жиналғандарға Президенттің ресми құттықтау хатын оқып берді. Мерейтойлық іс-шараға мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атаулы күнге арналған концерттік бағдарламаға оқу орнының оқытушылар құрамы, студенттері мен танымал түлектері қатысты, олардың арасында ҚазҰӨУ ректоры, профессор, Қазақстанның әйгілі скрипкашысы және Халық артисі Айман Мұсақожаева, Димаш Құдайберген және басқалар бар.

1998 жылы Атанада ашылған Қазақ ұлттық музыка академиясы 2009 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта құрылған.

Қазіргі уақытта ҚазҰӨУ 9 мектеп бағдарламасы мен 12 колледж бағдарламасы, 58 аккредиттелген бакалавриат білім беру бағдарламасы, 33 магистратура білім беру бағдарламасы және 6 аккредиттелген докторантура бағдарламасы бойынша маман даярлайды. Университетте 7 факультет жұмыс істейді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -