ҰЭМ басшысы ZHEIF-2023 халықаралық инвестициялық форумына қатысты

4370
Фотосурет: Gov

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров Zhambyl Investment and Economic Forum-2023 халықаралық инвестициялық форумына қатысты. Пленарлық сессияда министр экономика дамуының негізгі бағыттарымен таныстырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, Үкімет алдында тұрған бірінші кезектегі міндет - макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл бизнес үшін өте маңызды. Қазақстан экономикасы қолайсыз сыртқы жағдайларға қарамастан, орнықты өсу жолына шықты. 2022 жылғы қорытынды бойынша 3,3%-ды құрады.

«2022 жылы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестиция ағыны $28 млрд-қа жетті. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 8%. Сыртқы сауда тауар айналымы 32%-ға өсіп, $134 млрд-ты құрады» Әлібек Қуантыров

ҰЭМ басшысы атап өткендей, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27%-ға өсіп, 1,8 млн. асты.

Аталған секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға артып, 3,9 млн. адамға жетті. ШОБ-тың экономикадағы үлесі 33,5%-дан 36%-ға дейін өсті.

«Жамбыл облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29%-ға өсіп, 92,6 мыңға дейін жетті. Ал жұмыспен қамтылғандардың саны 16%-ке өсіп, 152 мың адамды құрады» Әлібек Қуантыров

Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растады. Биыл наурыз айында Standard&Poor's агенттігі ҚР экономикасының даму болжамын жақсартты.

«А.ж. негізгі капиталға салынатын инвестиция 18,3 трлн. теңге деңгейінде жоспарланды. 873 жобадан тұратын жалпы құны 28,1 трлн. теңгеге тең инвестициялық пул құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде 1,3 трлн. теңгені құрайтын 28 жоба Жамбыл облысында жүзеге асырылады» Әлібек Қуантыров

Инвестициялық саясаттың 2026 жылға дейінгі концепциясы қабылданды. Құжатта 2026 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі ЖІӨ-ге 25,1%-ға дейін өсетіні көзделген.

Сондай-ақ, форум шеңберінде ҰЭМ басшысы жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне барды. Бұл көрменің мақсаты - кәсіпкерлерді жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға ынталандыру.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін өңірлік көрме жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -