Жамбыл облысы – инвестициялар үшін перспективалы орын

5446

«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов бірқатар отандық және шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Франциялық «Total Open» компаниясы Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Жоба құны – 500 млрд. теңге. Ол бойынша 300 тұрақты, 1000 уақытша жұмыс орның құру жоспарлануда. «Tоtal Open Services» ЖШС Бас директоры Тьерри Плезан жер телімдерін бөлу, экологиялық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді көтерді.

Аймақ басшысы инвесторларға тиісті заңнама шеңберінде жан-жақты қолдаулар көрсетілетініне сендірді.

Ал, үндістандық «Monnet Group» компаниясы аймақта жоғары сапалы ферросилиций, ферромарганец шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыруға кіріскен.

Сондай-ақ, «Bazar Fur» Түрік компаниясы өңірде тұрмыстық техника өндіретін зауыт салуға ниетті.

«KazBioSorgo» ЖШС өкілдері қант құрғағын өсіру және өңдеу жобасын таныстырса, «Monterra Qasaqstan» ЖШС компаниясының өкілдерімен Қордай ауданында тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек кездесуде «Taraz Gelatin» ЖШС басшылығы желатин өндірісінің жобасын ұсынды. Сонымен қатар, «Wanlin Group Limited» қытай компаниясы кептірілген пияз өндіретін зауыт салуды жоспарлауда.

Басқосуда әрбір жоба бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың іске асырылу барысы облыс әкімінің жеке бақылауында болады.

Бұл күні Нұржан Нұржігітов 20-ға жуық іскерлік келіссөздер жүргізді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -