ҚазҰУ профессоры IІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

5196

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Азия зерттеулер институтының директоры Гера Ким халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн Мемлекет басшысының жарлығымен IІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Гера Николаевич Ким 1977 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды тамамдап, 10 жыл бойы неміс тілінде дүниежүзі тарихын зерттеді. 1990 жылы «Қазақстан корейлерінің әлеуметтік-мәдени дамуы (1946-1966 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Сеул ұлттық университетінің Кросс-мәдени зерттеулер институтында ғылыми тағылымдамадан өткен соң Қазақстанға оралып, ҚР ҰҒА Шығыстану институтында аға ғылыми қызметкер, кейін меңгеруші болып жұмыс істеді. 1999 жылы «Корейлердің иммиграция тарихы. XIX ғасырдың екінші жартысы – 1945» атты докторлық диссертациясын қорғады. 2000 жылы профессор атағын алды. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Корейтану кафедрасын басқарды және сонымен қатар деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Гера Николаевич Орталық Азиядағы корейтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның жетекшілігімен 25 ғалым диссертация қорғады. Профессор Ким Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапонияның шетелдік жоғары оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Көптеген жылдар бойы «Орталық Азиядағы корейтану жаңалықтары» ғылыми журналын басқарды.

Профессор «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» атағымен марапатталған. Оңтүстік Кореяның бірқатар ордені және медалін иеленген.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -