Қазақстан мен Кипр құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау туралы шарттарға қол қойды

5863

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршаков Кипр Президенті Никос Христодулидиспен әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді. Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жолдаған Н. Христодулидис екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін жоғары бағалап, болашақта Қазақстанға сапармен баруға қызығушылық танытты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұдан бөлек, Никосияға сапары барысында С. Бұршақов Кипрдің жаңа Үкімет мүшелері – Әділет және қоғамдық тәртіп министрі Анна Куккидис-Прокопиумен және Энергетика, сауда және өнеркәсіп министрі Йоргос Папанастасиумен келіссөздер жүргізді. Дипломат Кипр ресми өкілдерін Қазақстандағы ауқымды саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ жуырда өткен парламенттік сайлаудың нәтижелері туралы хабардар етті.

А. Куккидис-Прокопиумен кездесуде Кипр тарапы Елшіге 2022 жылы елдеріміз арасында қол қойылған өзара құққықтық көмек және экстрадициялау туралы шарттарды Өкілдер палатасында ратификациялағаны жайлы мәлімдеді. Сондай-ақ, Қазақстан-Кипр ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасын одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Энергетика, сауда және өнеркәсіп министрлігінде ү.ж. мамырда Алматыда өтетін Еуроодақ-Қазақстан экономикалық форумы аясында экономикалық ынтымақтастықтың күн тәртібі мен еліміздің инвестициялық әлеуеті талқыланды. Министр Й. Папанастасиу Алматыға сапары барысында қазақстандық және кипрлік кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін бизнес-конференцияға қатысатын іскер топтардың делегациясын басқарады деп жоспарлануда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -