Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы: СІМ басшыларының кездесуінен кейінгі жаңа қадамдар

5896

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға, сондай-ақ екі мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға күш салуға дайын екендіктерін білдірді.

Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар ү.ж. мамыр айында Сиань қаласында өткізуге жоспарланған алғашқы «Орталық Азия – Қытай» Саммитіне дайындық барысын талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -