Шахмат финалы: Мәулен Әшімбаев соңғы партияға қатысты

5695
Фотосурет: senate.parlam.kz

Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионы үшін сайыстың шешуші партиясына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өткен матчтың 14-ші шешуші партиясына қатысты. Палата Спикері мектеп оқушылары арасындағы шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы Аланна Берікқызымен бірге партиядағы алғашқы жүрісті жасады.

Айта кетейік, бұл күндері Қазақстан астанасында Халықаралық шахмат федерациясының айтулы шарасы өтіп жатыр. Матчтың қорытындысы бойынша әлем чемпионы анықталады. Астанада қытайлық шахматшы Дин Лижэнь мен ресейлік Ян Непомнящий осы атақ үшін сайысқа түсіп жатыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -