Тәжірибе алмасу: Жогорку Кенеш аппаратының делегациясы Қазақстан Сенатына барды

5891
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш аппаратының делегациясы келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Шакиев арасындағы уағдаластық аясында Сенат Аппараты мен Жогорку Кенеш Аппараты қызметкерлерінің кездесуі болды. Тараптар қызметтің түрлі бағыттары бойынша тәжірибе алмасты, сондай-ақ бұдан былайғы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстандық тарап электрондық құжат айналымы, цифрландыру, заң жобаларын құқықтық және лингвистикалық сараптаудағы жаңа тәсілдер, сондай-ақ аппарат қызметіндегі өзге де мәселелер туралы айтып берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -