Қазақстан мен Италия: медицина мен энергетикадағы жаңа перспективалы жобалар

6010

Италияға сапары барысында қазақстандық делегация бірқатар итальяндық компаниялармен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулерге Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

WhatsApp Image 2023-04-28 at 09.19.25.jpeg

GKSD Healthcare Management & Consulting итальяндық жетекші медициналық холдингтерінің бірінің басшылығы қазақстандық делегациямен кездесуде Астанада смарт клиникалар салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру ниетін растады. Кездесу нәтижесінде тараптар компанияның техникалық тобының жақын арада Қазақстанға сапары туралы келісті. Кәсіпорынға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы туралы ақпарат берілді.

WhatsApp Image 2023-04-28 at 09.19.25 (1).jpeg

Мұнай-газ өнеркәсібі, жылу және атом энергетикасы салаларына арналған арнайы өнімдердің жетекші өндірушісі Allied Group компаниясының өндірісіне сапары барысында компания өкілдері Қазақстанда фитинг және оған сәйкес өнімдер шығару жобасын жүзеге асыруға ниетті екендіктерін білдірді. «Allied Group» компаниясының дүние жүзінде 10 кеңсесі, 14 зауыты және 7 қоймасы бар. Өндірістік қуаттылығы – жылына 100 000 фитинг және 20 000 шынтақ құбыр.

WhatsApp Image 2023-04-28 at 09.19.26 (2).jpeg

Сапар аясында делегация тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін итальяндық трансұлттық Cremonini Group компаниясының өндірістік алаңын аралады. Компания басшылығы Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып, Қазақстанның өнімді өткізуге арналған стратегиялық маңызды нарық екенін атап өтті. Компанияны 1963 жылы Модена провинциясында Луиджи Кремонини құрған. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша қызметкерлер саны 18 500 адамды құрайды, 2021 жылы компанияның кірісі 4,077 млрд еуроны құрады.

WhatsApp Image 2023-04-28 at 09.19.27.jpeg

Қазақстандық делегация сонымен қатар Италиядағы азық-түлік өнімдерін өндіру және тарату бойынша ірі кәсіпорындардың бірі - Parmalat Group кәсіпорнында болды. Қазіргі уақытта компанияның Қазақстан Республикасындағы үш зауыты бар және өз өнімдерін FoodMaster, BIO-S Imun+, Loko Moko, Dolce, President брендтерімен сатады. Компания өкілдері алдағы уақытта ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

lactalis.jpeg

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -