Қостанай облысы экономикалық тұрғыдан қалай дамуда?

5502

Іс-шараға ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы Данабек Керімрай қатысты. Ол өз сөзінде өткен жылғы 9 айда облыстың ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) 3,1% - ға өсіп, 2,6 трлн.теңгені құрағанын атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өңірде өнеркәсіп өнімін өндірумен 943 кәсіпорын айналысады. Онда 42 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп кәсіпорындары 618 млрд. теңге сомасына өнім өндірді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 7,1% - ға артық. 

"Жыл басынан бері ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектілерінің саны 15,5% - ға өсіп, 63,7 мыңға жетті. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2,1 трлн. теңге. Бұл өңірлер бөлінісінде 7-орынға ие болуға мүмкіндік берді" Данабек Керімрай
  • Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (I тоқсан) 
  • 17,1 млрд. теңге сомасына 79 жоба субсидияланды 
  • 4 млрд. теңге несие сомасына 44 жобаға кепілдік берілді 

2023 жылы Қостанай облысының алдына негізгі капиталға 602,6 млрд. теңге инвестиция тарту міндеті қойылды.

"Өңірге инвестицияларды көбірек тарту үшін кәсіпкерлерге өткізу нарықтарын кеңейтуге тұрақты қолдау көрсету, жоғары технологиялық өндірістерді ашу, өңдеу өнеркәсібін, туризмді және қызмет көрсету секторын дамыту үшін жағдайлар жасау қажет" Данабек Керімрай

Жұмыс сапарының бірінші күні Сенат депутаттары және министрліктер өкілдері облыстың бірқатар инвестициялық және энергетикалық нысандарына барды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -