Қазақстан халықаралық аренада киберқауіпсіздікті ілгерілетуде

3940

Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің белсенді атсалысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы «Кибердипломатия және одан тыс: жаңа цифрлық дәуірдегі перспективалар» атты 2-ші халықаралық конференциясы және «Critical Infrastructure Protection» 6-шы форумына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР ЦДИАӨМ өкілдері сөйлеген сөздерінде елде қабылданып жатқан киберқауіпсіздік шаралары (BugBounty платформасы, Astana HUB, киберқауіпсіздік орталықтары, ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қою қызметтері) туралы айтып, маңызды инфрақұрылым объектілерін қорғау мақсатында тәжірибе алмасуды ұсынды.

Оның сыртында қазақ делегациясы Информатика зерттеулері ұлттық институтының бас директоры А.Веверамен кездесу өтіп, оның Астанаға сапары барысында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жөнінде уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -