Баварияның шағын және орта бизнесі Орталық Азияда серіктестер іздейді

3236

Мұражайларымен, көне ғимараттарымен әлемге әйгілі және жыл сайынғы Октоберфест фестивалін өткізетін Бавария федералды жеріндегі астанасында «Орталық Азия» экономикалық форумы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Германия мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мақсатында Баварияның сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған форумға Бавария парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіпкерлер, оның ішінде біздің өңірмен бизнес бастауға ниет білдіргендер. Орталық Азиядан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан дипломаттары қатысты.

Сөз сөйлеулер мен талқылаулар барысында іс-шараларға қатысушылар экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады, неміс тарапымен Орталық Азиядан келген мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін Баварияда жағдай жасау туралы көптеген ұсыныстар жасалды. Сауда-өнеркәсіп палатасының Басқарма мүшесі К.Ангербауэр және Германия экономикасының Орталық Азия бойынша делегаты Х.Восканян, сондай-ақ басқа да сарапшылар өз баяндамаларында Орталық Азияның экономикалық әлеуеті жоғарылауда және неміс бизнесінің қызығушылығы аймаққа күннен-күнге өсіп келеді. Бұған СӨП-нің Қазақстан мен Қырғызстанға Бавариялық кәсіпкерлер делегациясының бару жоспары дәлел.

Еліміздің атынан Қазақстанның Бас консулы Д.Рогов презентация мен баяндама жасады, өз сөзінде еліміздің экономикалық көрсеткіштері, Қазақстан Республикасына шетел капиталын тарту нәтижелері, сондай-ақ алдағы уақыттағы инвестиция перспективалары туралы қосымша ақпарат берді.

B2B форматындағы іс-шараның соңында Баварияның шағын және орта бизнес өкілдерінің көпшілігі еліміздің дипломатына қазақстандық кәсіпкерлермен экономикалық ынтымақтастық бойынша түрлі ұсыныстармен жүгінді, сондай-ақ жоғарыда аталған делегация мен Қазақстанға келуге ниет білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -