Қазақстандық дзюдошылар Кувейтте өткен турнирде 9 медаль жеңіп алды

4494

Ү.ж. 28-29 сәуір аралығында Кувейт Мемлекетінің астанасы Әл-Кувейт қаласында дзюдодан қыздар мен ерлер арасында өткен «Азия кубогы-2023» спорттық додасына қатысқан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы үлкен жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда, Азия құрлығынан 27 елден қатысқан 150-ден астам дзюдошылардың қатарынан Қазақстанның Ұлттық құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медальдерін жеңіп алды.

Дзюдодан «Азия кубогы-2023» Қазақстан Ұлттық құрамасының жеңімпаздары:

Алтын медалінің жеңімпаздары

  • Еренғайыпов Ержан (60 кг)
  • Ыстыбай Айболат (66 кг) 

Күміс медалінің жеңімпаздары

  • Сейілхан Қанат (60 кг)
  • Сәрсенбек Нұрайлым (52 кг)
  • Амангелді Мади (81 кг) 

Қола медалінің жеңімпаздары

  • Кемелбек Молдаш (66 кг)
  • Біләл Болат (66 кг)
  • Тоқтасын Ислам (73 кг)
  • Такиева Карина (+78 кг) 

Дзюдодан Әл-Кувейт қаласында өткен «Азия кубогы-2023» ірі халықаралық спорттық сайысындағы жеңістерімен Отанымыздың көк туын биік мінбелерде паш еткен Қазақстанның Ұлттық құрамасын Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі шын жүректен құттықтай отырып, Дзюдодан Қатар астанасы Доха қ. 2023 ж. 7-14 мамыр кезеңінде өтетін Әлемдік чемпионатында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының дзюдошыларына жаңа жеңістер тілейді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -