Қазақстан мен Молдова Еуропалық Одақ шеңберіндегі қатынастарды нығайтуда

5388

2023 жылғы 20 сәуірде Кишинев қаласында Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрі Нику Попескумен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ Еуропалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері талқыланды. өңірдегі ахуалдың дамуы туралы пікір алмасты.

Қазақстандық дипломат Қазақстанда болып жатқан саяси, демократиялық және конституциялық реформалар, экономикалық басымдықтар мен ЕО елдерімен, соның ішінде маңызды мән берілетін Молдовамен әріптестіктің перспективалары туралы хабардар етті.

Н.Попеску Қазақстандағы саяси өзгерістерді жоғары бағалады және әртүрлі салалардағы, сондай-ақ еуропалық интеграция шеңберіндегі өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға әзір екенін білдірді.

Тараптар Молдова іске асырылып жатқан жобаларға, атап айтқанда, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, пысықталып жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде өзара тауарлар тасымалын орнату жобаларына, сондай-ақ аграрлық, логистика, білім беру және цифрландыру салаларындағы жобаларға ерекше назар аударды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -