Армения мен Қазақстан елдер арасындағы тауар айналымын ұлғайтуды жоспарлап отыр

5353
Фотосурет: inbusiness.kz

Армения Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстан Елшілігінің қолдауымен 2023 жылғы 27-28 сәуірде Ереванда жоспарланған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның алдағы 9-шы отырысы шеңберінде онлайн-режимде қазақстан-армян бизнес-форумы өтті. Іс-шараға 47 қазақстандық және армян кәсіпкерлері мен KazakhExport, QazTrade, KazakhInvest, Еуразиялық Даму Банкі, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, Enterprise Armenia инвестицияларды қолдау орталығы, «Оңтүстік Кавказ темір жолы» ЖАҚ және т. б. ұлттық компаниялары қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыру және екіжақты тауар айналымын ұлғайту мақсатында қатысушылар екі елдің экспорты мен импортын ынталандырудың қолда бар елеулі әлеуетін, мүмкіндіктері мен құралдарын, сондай-ақ логистика, оның ішінде қаржы және сақтандыру мәселелері талқыланды. Бизнес-форумның қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді Қазақстан-армян экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының жұмыс органдары – ҚР Сауда және интеграция министрлігі және АР Экономика министрлігі қарайтын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -