БҚДА және ЕЭК ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін талқылайды

4316

 ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша бизнеспен кездесуге қатысады. Іс-шараны Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

15 мамырда Астана қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңдарында ЕЭК министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының қоғамдық қабылдауы өтеді. Іс-шараға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен (БҚДА) төрағаның бірінші орынбасары Рустам Ахметов, сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, бизнес өкілдері және БҚДА жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің мүшелері қатысады.

Іс-шара барысында ЕАЭО трансшекаралық нарығында бәсекелестіктің жалпы қағидаларын және олардың сақталуын бақылауды, ЕЭК пен ұлттық бәсекелес ведомстволардың өкілеттіктерін, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуына қатысудың проблемалық мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Қоғамдық қабылдауға қатысушылармен мынадай мәселелер бойынша пікірталас болжанады (проблемалық мәселелерді көрсете отырып, бизнестің бастамасы құпталады):

  • нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу, нарықтың трансшекаралығының өлшемшарттары;
  • ЕАЭО-ның шаруашылық жүргізуші субъектілері тарапынан трансшекаралық нарықтағы бұзушылықтар фактілері бойынша, оның ішінде жосықсыз бәсекелестік, үстем жағдайды теріс пайдалану, ЕАЭО трансшекаралық нарығындағы сатылас және деңгейлес келісімдер мәселелері бойынша ЕЭК-ке өтініштер;
  • үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ЕАЭО трансшекаралық нарығындағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзуы;
  • ЕАЭО сауда желілеріне қол жеткізудің тең емес шарттары;
  • ЕАЭО трансшекаралық нарықтарына шығу кедергілері;
  • ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуға қатысуына кедергі келтіретін тосқауылдар туралы;
  • ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаттарын қамтамасыз етудің өзге де мәселелері.

Қоғамдық қабылдау шеңберінде бизнес үшін жеке консультациялар (қажет болған жағдайда құпиялықты қамтамасыз ете отырып) өтеді, оның барысында ЕЭК сарапшылары, оның ішінде мәселе Комиссияның немесе ұлттық бәсекелес органның құзыретіне жататыны туралы түсіндірулер береді.

Қоғамдық қабылдаудың трансляциясы Комиссияның YouTube арнасында өтеді. Мына сілтеме бойынша тіркелуге және қатысуға болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -