Еревандағы Stranger: Dears әуежайда Димашпен кездесті

4658
Фотосурет: DimashNews

29 сәуірде Армения астанасында «Stranger» туры аясында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Бүгін, 27 сәуірде әртіс және оның командасы Ереванға келді. Димашты әуежайда дәстүр бойынша қабылдаушы елден ғана емес, әлемнің басқа бұрыштарынан да жанкүйерлер қарсы алды.

Dears бірнеше күн бұрын Арменияға ағыла бастады. Керемет шуақты аймақтың әртүрлі туристік маршруттарында Димаштың жанкүйерлері бір-бірін әртістің сүреті мен фандомның белгішелері мен басқа да атрибуттары арқылы таныды.

Сонымен, Ереван әуежайында қазақстандық музыкантты Армения, Қытай, Ресей, Чили, Аргентина, Испания, Ұлыбритания, Финляндия, Польша және басқа елдерден Dears қарсы алды.

Димаш өзінің жанкүйерлерін көргеніне қуанышты екенін, жаңа елде кездескендеріне өте риза екенін және концертте барлығын асыға күтетінін атап өтті!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -