Туризм мен бизнесті дамыту: Қазақстаннан БАӘ-ге жаңа рейстер

3979
Фотосурет: AFP 2023 / MATTHIEU CLAVEL

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Wizz Air Abu Dhabi» төмен бюджеттік әуе компаниясы ҚР және БАӘ астаналары Астана және Әбу-Даби қалалары арасында аптасына 3-тен 5 ретке дейін (сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) тұрақты жолаушылар рейстерінің санын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 4 тамыздан бастап "Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясы Алматы – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 5-тен 7 ретке дейін (күн сайын) арттыруды жоспарлап отыр.

Рейстер Airbus 320 және Airbus 321 типті әуе кемелерінде орындалады.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер санының ұлғаюы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттыруға  және әуе билеттер бағасының төмендеуіне ықпал ететін болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -