ТМД келісімі: тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштер иелерінің құқықтарын қорғау

5293
Фотосурет: Ж. Жұмабеков / Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары ТМД елдері арасындағы жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі келісімді және Кеден одағының аумағындағы еркін экономикалық аймақтар жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев өзінің қосымша баяндамасында атап өткендей, тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштердің ұлттық және шетелдік иелерінің құқықтарын тиімді қорғау мен сақтауды қамтамасыз етудің маңызы зор. ТМД елдері 2021 жылдың мамырында қол қойған тиісті келісім осыған бағытталған.

«Келісімді қабылдау дер кезінде қолға алынған әрі қажетті шара. Өйткені ол мемлекеттерге жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіру және өткізу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ ТМД елдерінің кедендік шекаралары арқылы жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өткізу мәселелерінде тығыз ынтымақтастық жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған» Қайрат Балабиев

Келесі ратификациялық заң жобасы – 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Динара Шүкіжанованың айтуынша, хаттаманың негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде заңнаманы үйлестіруге бағытталған, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру бөлігінде өткен жылы қабылданған түзетулерді ескере отырып, құқықтық және редакциялық өзгерістер енгізу.

«Республиканың көптеген аумағы шынымен де Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет инвесторларын тартып, жаңа өндіріс орындарын іске қосса да барлық нысан тиісті қарқын алған жоқ. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін заңнамалық реттеудегі олқылықтар бірқатар қиындыққа әкеп соқты. Соның салдарынан әлеуетті инвесторлар үнемі дайын бола бермейді» Динара Шүкіжанова

Бұдан бөлек бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын және кейбір заңнамалық актілерге, соның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алды.

Жалпы отырыс соңында депутаттар жауапты органдарға өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша депутаттық сауалдарын жолдады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -