Мереке күндері Қазақстан мен Қытай шекарасында қандай өзгерістер күтілуде?

4443
Фотосурет: © Sputnik / Тимур Батыршин

7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс жасамайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -