2023 жылғы 1-2 қарашада Қазақстанның Ұлттық музейінің делегациясы Қытайдың Бейжің қаласында өткен ««Жібек жолы» халықаралық музей альянсының 3-ші конференциясына» қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қытайдың Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпин конференцияның ашылу салтанатын өткізіп, сөз сөйледі. Іс-шараға Сербия, Кипр, Пәкістан, Камбоджа, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Франция, Испания және тағы да басқа елдердің өкілдері қатысты.

Форумның шеңберінде Қазақстанның Ұлттық музейі директорының м.а. А.Сыдықов ҚХР Ұлттық музейінің директоры Ван Чунфамен, ҚХР Мемлекеттік мәдени мұралар басқармасы Халықаралық көркем өнер көрмелері орталығының директоры Тан Пинмен, ҚХР Тыйым салынған қала музейі директорының орынбасары Лоу Вэймен екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында тараптар музей ісі саласын дамытуға, оның ішінде екі ел арасында өзара көрмелер ұйымдастыруға, ғылыми-зерттеулер мен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге уағдаласты.
