Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытайдың мемлекеттік өнер мұражайының директоры У Вэйшаньмен кездесу өткізіп, гуманитарлық алмасуларды кеңейту, Қазақстан-Қытай мәдениет күндерін, көркемөнер көрмелерін және т. б. өткізу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ш.Нұрышев ашылу салтанаты 2023 ж. 17 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бейжің тіл және мәдениет университетінде өткен ортағасырлық ойшыл әл-Фарабиге мүсін жасағаны үшін У Вэйшаньға алғыс білдірді.
Кездесу барысында, У Вэйшань Қытайдың мемлекеттік өнер мұражайының мәдениет саласындағы қазақстандық мекемелермен ынтымақтастық бағыттарын кеңейту, сондай-ақ екі елдің бірлескен жобаларын іске асыруға дайындығы туралы хабарлады.

У Вэйшань – ҚХР мемлекеттік өнер мұражайының директоры және британдық корольдік мүсіншілер қауымдастығы, Ресей өнер академиясы, Француз өнер академиясы және т. б. танымал академиялардың құрметті шетелдік мүшесі болып табылады.
У Вэйшань өзінің көркемдік мансабында бірнеше жүздеген туындылар шығарды: олардың арасында замандастарының, тарихи және діни қайраткерлердің портреттері бар. Мүсінші жұмысының айрықша ерекшелігі – қытайлық көркемдік әдет-ғұрыптар мен заманауи мүсін үрдістерінің үйлесімі.