Түркиядағы Қазақстанның табиғи байлығы: шетелдік туристер үшін ашылу

4851
Фотосурет: Gov

Қазақстанның көрікті табиғаты Түркияда таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Түркияның ең ірі әуежайлары қатарына кіретін Анкара, Измир, Бодрум және Даламанда Қазақстанның көрікті табиғаты таныстырылды.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұл және Анталияда Бас консулдықтары тарапынан бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс-шарада заманауи Астана, Іле Алатауы мен Тарбағатай таулары, киелі Түркістан, Бурабай, Шарын шатқалы, Қайыңды және Көлсай көлдері, Босжыраның көркем суреттері түрік және шетел туристерінің назарына ұсынылды.

Жалпы аталған төрт әуежайдың жылдық жолаушылар тасымалдау көлемі 27 миллион адамды құрайды. Олардың 11 миллионы 20-дан астам шетелдік мемлекеттің туристері.

Аталған бастама түрік инвесторлары «TAV Airports Holding» және «YDA Holding» қолдауларымен іске асырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -