Қазақстан мен ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

9526
Фотосурет: Gov

Астанада ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері бойынша өкілімен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының саласына және олардың Қазақстандағы қауіпсіз ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы рөліне қатысты ашық пікірталас өтті. Атап айтқанда, тараптар журналистік қызмет сапасының стандарттарын арттыру саласындағы еліміздің ЕҚЫҰ-мен одан әрі ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу нәтижелері бойынша cұхбаттасушылар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің орнықты жұмыс істеуі мен қауіпсіздігін дамытуға және қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы диалогты жалғастыру уағдаластығына қол жеткізді.

Сонымен қатар, Астанаға сапары барысында Т.Рибейро ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаевамен кездесті. Оның Парламентте және басқа мекемелерде кездесулері жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -