Қазақстандағы омнибус-шоттардың өсуі: қаржы нарығындағы маңызды өзгерістер

14905
Фотосурет: Canva

Ағымдағы жылдың қазан айында омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын брокерлік шоттар санының белсенді өсуі байқалды. Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша олардың саны 104 мыңға өсті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

2023 жылғы 1 қарашада Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі (KCSD) шоттардың жалпы саны 2 303 000 брокерлік шотқа жетті, оның ішінде 688 000 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 1 614 000 – Орталық депозитарийдегі омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.

"Жылдың басынан бастап біз омнибус-шоттардың қарқынды өсуін көріп отырмыз. Егер бұрын негізгі өсім сегрегацияланған қосалқы шоттарға тиесілі болса, қазір брокерлер омнибус-шоттарды белсенді пайдалануда. 2023 жылдың басынан бері омнибус-шоттар саны 1,2 миллионнан астам немесе төрт есе өсті. Бұл тенденция бірнеше факторлармен негізделген: омнибус-шоты клиенттер тобының активтерін орталықтандырылған басқаруға мүмкіндік береді, бұл есептеу, есептілік және қызмет көрсету процестерін жеңілдетіп, өз кезегінде экономикалық тиімділікті арттырады, өйткені бірыңғай шотты басқару көптеген сегрегацияланған қосалқы шоттарды басқаруға қарағанда, әкімшілік ресурстарды азырақ қажет етеді. Омнибус-шот комиссиялар мен алымдарға жұмсалатын жалпы шығындарды азайтып қана қоймай, бөлшек инвесторлардың биржалық саудасын ынталандырып, олардың санын арттыруға ықпал етеді" Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Адиль Мухамеджанов

KCSD есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректердің негізінде қазақстандық инвестордың портреті жасалды.

Қазақстандық инвестордың портреті қазан айында өзгерген жоқ. Инвесторлардың гендерлік бөлінуі бұрынғы динамиканы сақтап қалды: әйел-инвесторлардың үлесі 49,8% деңгейінде сақталды, ал ер кісі-инвесторлардың үлесі әлі де 50,2 % құрады.

Дәстүрлі түрде инвесторлардың ең көп санын 35-54 жас аралығындағы адамдар жалғастырды, бұл қараша айында инвесторлардың жалпы санының 37,7% құрады.

Инвесторлар құрылымында екінші орынды 25-34 жас аралығындағы адамдар иеленді. Осы айда олардың үлесі инвесторлардың жалпы санының 31,3 % құрады.

Үшінші топта 18-24 жас аралығындағы инвесторлар орналасқан, олардың үлесі 16,9 % құрады. Осы жас тобы санының өткен аймен салыстырғанда, қараша айында тағы да шамалы төмендегені байқалады.

Алматы (20 %) мен Астана (11,4%) дәстүрлі түрде аумақ бойынша көш бастап келеді. Үшінші орынды Түркістан облысы (9,3 %) иеленіп, 2022 жылдың наурызынан бастап өз позициясын мығым ұстап тұр. Инвесторлардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, бұл өңірде қосалқы шоттар саны Қазақстан бойынша инвесторлардың жалпы санының нәбәрі 1,7%-ін құрайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -