Қазақстан мен Пәкістан мәдени байланыстарды кеңейтуде

13838
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Білім, кәсіби даярлық және мәдениет министрлігі жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау департаментінде болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Е.Кыстафин профессор доктор Мұхаммед Салим Мазарды Мемлекеттік тілді насихаттау департаментінің бас директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Кездесу барысында тараптар қазақтың белгілі ақын-жазушылары шығармаларын урду тіліне аудару аясында ынтымақтастықты дамытудың ықтимал бағыттарын талқылады. Қазақстанның тиісті құрылымдарымен өзара іс-қимыл орнатуға келісім жасады.

Кездесуді ұйымдастыруға көмектескен Пәкістандық «Болашағы ортақ қауымдастықтар» ғылыми-зерттеу орталығының атқарушы директоры Халид Таймур Акрам мырзаға ерекше алғысымызды білдіреміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -