Қазақстан мен Индонезия көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған

16467
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Сыртқы істер министрі Ретно Марсудимен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматтарында Қазақстан-Индонезия қатынастарының ағымдағы жағдайын талқылады. Елші оларды одан әрі дамыту және нығайту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.

Министр С. Әбдікәрімовті Индонезия Президентіне сенім грамоталарын тапсыруымен құттықтап, дипломатиялық миссиясына сәттілік тіледі.

Сол күні Елші Сержан Әбдікәрімов Индонезияның Сыртқы істер Вице-министрі Пахала Нуграха Мансуримен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -