Индонезиядағы қазақстандықтар: кері байланыс және қолдау

8492
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығы аясында (1993-2023 жж.), еліміздің Тәуелсіздік күнінде Индонезиядағы қазақстандықтардың қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Денпасар қаласында (Бали аралы) өткен кездесу барысында Елші Сержан Әбдікәрімов отандастарымызды осы айтулы оқиғалармен құттықтап, Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен келешектері туралы хабардар етті.

Қауымдастық мүшелері Индонезиядағы өмір сүру және жұмыс жағдайлары туралы айтып, оларды қызықтыратын консулдық-құқықтық мәселелер бойынша кеңестер алды.

Іс-шараға қатысушылар Елшіліктің Қауымдастықты құру туралы бастамасын бірауыздан қолдай келе, оның төрағасын сайлап, алдағы жоспарларын белгіледі.

Индонезиядағы қазақстандықтардың қауымдастығы – қазақ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қолдау, өзара көмек көрсету, өзіндік ерекшелігін сақтау мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті негіздегі қоғамдық ұйымы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -