Марокко Корольдігінің Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республиканың Тәуелсіздік күніне орайластырылған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға мәдени, ғылыми, сарапшылық топтар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ БАҚ және жергілікті дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

ҚР Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы өзінің сөзінде 2023 жылды қорытындылап, елдегі саяси-экономикалық реформаларға, инвестициоциялық мүмкіндіктерге баса назар аударды. Сонымен қатар қатысушыларға Қазақстан мен Марокко арасындағы ынтымақтастың түрлі салалардағы дамуы мен әлеуеті туралы ақпарат ұсынылды. Сөз соңында Елші Ұлттық кітапхананың қорына «Қазақстанның салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптар» және «Абай. Қазақстан және болашақ өркениет» атты кітаптарын табыстады.

Іс-шара барысында Марокконың атақты журналисі және бірнеше жүлделерге ие документалисті Бушаиб Брихадданың Қазақстан туралы фильмның тұсау кесері өтті. Фильм Астанада түсіріліп, елдегі өзгерістерді және мәдениетін жаңа қырдан көрсетті.

Сонымен қатар Ұлттық кітапхана қонақтарына еліміздің туристік әлеуеті бейнеленген фото-көрме ұйымдастырылды.