Қазақстан мен Әзірбайжан көшбасшылары негізгі уағдаластықтарды талқылады

16236
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және аса жауапты қызметіне табыс тіледі. 

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан президенттері екі ел халықтары арасындағы достық қатынастар мен дәстүрлі бауырластық байланыстарға көңілдері толатынын айтты. 

Мемлекеттер басшылары Әзербайжан Президентінің Қазақстанға сапары кезінде және биыл қараша айында Бакуде өткен СПЕКА саммиті аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -