Қазақстан мен Ирак парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуде

15532
Фотосурет: Т.Таныбаев

Мәжілісте Қазақстан мен Ирак ынтымақтастығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәжіліс депутаттары Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джабер Наджм Абдулла Әл-Темимимен кездесті. Жиынға Жанарбек Әшімжанов, Юлия Кучинская, Данабек Исабеков, Самат Нұртаза қатысты. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Джабер Наджм Абдулла Әл-Темими осыдан үш апта бұрын Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанмен кездескен еді. Бүгін тағы бір мазмұнды кездесу болды.

2Ирак – Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі. Біз екіжақты күн тәртібінде тұрған тек саяси ғана емес, сауда-экономикалық және инвестициялық салада да ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Осы тұрғыда біз Ирак бизнес қауымдастығын Қазақстанға келуге және қазақстандық әріптестермен кеңейтілген келіссөздер өткізуге шақырамыз" Жанарбек Әшімжан

Джабер Наджм Абдулла Әл-Темими Ирак тарапы да Орталық Азия елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен қарым-қатынасты арттыруға мүдделі екенін атап өтті. Иракта Еуропа мен Азияны біріктіру мақсатымен «Жібек жолы» бағдарламасы қолға алынған.

"Біздің елшіліктің негізгі міндеті – парламент деңгейінде елдеріміздің байланысын нығайту. Жақында ғана біздің Парламентте Қазақстанмен достық комитетін құруды ұсындым. Қазір еліміздің қауіпсіздігі мығым, ешқандай лаңкестік қауіп жоқ. Болашақта бір-бірімізге іссапармен келеміз деп ойлаймын" Джабер Наджм Абдулла Әл-Темими

Кездесу нәтижесінде тараптар Қазақстан-Ирак ынтымақтастығын барлық салада, соның ішінде парламенттер арқылы жаңа деңгейге шығаруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -