Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары ынтымақтастықтың келешегін талқылады

12826
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен 2024 жылға арналған іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасты.

Оның қорытындысы бойынша Сыртқы саяси ведомстволар басшылары көпжақты қазақ-өзбек ынтымақтастығы дамуының жоғары серпінін атап өтіп, достық, тату көршілік және одақтастық рухында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара ниет білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -