Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің жұмыс тобының онлайн отырысын ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жиналысқа Әзірбайжан, Беларусь Республикасы, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан экономикалық қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерінің, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар 2023 жылғы іс-шараларды қорытындылады, сондай-ақ алдағы жоспарларды талқылады.
Жұмыс нәтижелеріне оң баға берілді. Трансшекаралық қаржы пирамидалары және заңсыз құмар ойындар туралы ақпарат алмасу бойынша тиімді өзара іс-қимыл атап өтілді.
Бұл ТМД кеңістігінде алаяқтық жобалардың таралуына және азаматтардың қаржылық шығындарын болдырмауға мүмкіндік берді.
Жұмыс тобының мүшелері 2024 жылы осы бағыттардағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ криптоактивтердің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыруға уәделесті. Атап айтқанда, бұл заңнамамен, «криптотергеу» тәжірибесімен және криптобиржалық қызметтерді заңсыз көрсететін интернет-сайттар туралы мәліметтермен алмасу.
Қазақстан тарапы Қаржылық мониторинг агенттігінің базасында тиімді және уақтылы шараларды қабылдау үшін трансшекаралық қаржы пирамидаларының, заңсыз онлайн-казинолардың және «арнайы белгі қойылған» криптоәмияндардың бірыңғай тізімдерін құруды ұсынды.
Заңсыз ойын-сауық бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған «Джекпот» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуге бастамашылық жасалды.
Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелері үшін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жобасы және қазіргі заманғы IT-құралдардын пайдалана отырып, қабылданып жатқан алдын алу шаралары таныстырылды.
Агенттік елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мен қауіп-қатерлерге жедел қою үшін СТОБК алаңын пайдалана отырып, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті.
СТОБК-ның келесі отырысы 2024 жылы Қазақстанда жоспарланған.