«ҚТЖ» ҰК» АҚ S&P Global компаниясынан жоғары ESG-рейтинг алды

3850
Фотосурет: ҚТЖ

2023 жылғы 22 желтоқсанда S&P Global тәуелсіз халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға корпоративтік тұрақтылықты жаһандық бағалауда (Corporate Sustainability Assessment) 100-ден 54 балл деңгейінде ESG-рейтингін берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

ESG компоненттері бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ бағалары: экологиялық – 61 балл, әлеуметтік – 59 балл, корпоративтік басқару – 40 балл.

«Көлік және көлік инфрақұрылымы» саласындағы орташа көрсеткіш 26 балды құрады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ S&P Global Corporate Sustainability Assessment рейтингінде саладағы ең жоғары көрсеткіштері бар компаниялардың 15% кірді.

ESG қағидаттарын енгізу «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2032 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыты болып табылады. Берілген бағалау компанияның ESG принциптерін жүзеге асырудағы күш-жігерінің көрінісі болып табылады және оның қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы жоғары стандарттарға ұмтылысын растайды.

S&P Global ұсынған "ҚТЖ "ҰК" АҚ рейтингінің нәтижелері S&P Global веб-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді.

S&P Global ESG Score рейтингі – бұл компанияның ESG тәуекелдерін, мүмкіндіктерін және әсерін басқару саласындағы тиімділігін сол салалық классификациядағы әріптестерімен салыстырғанда өлшейтін салыстырмалы бағалау.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -