Қазақстандық дипломат Азық түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын басқарды

12991

2023 жылғы 3 қазанда Дохада өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) 6-шы Бас Ассамблеясы шешімімен – қазақ дипломаты Асқар Мусинов 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚИҰ Бас директоры лауазымына сайланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

А. Мусинов – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтерді атқарған мансаптық дипломаты. Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Оңтүстік Африкадағы ҚР Елшісі лауазымында болды.

Сонымен қатар, ол ҚР СІМ-де министрдің орынбасары және жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. АҚИҰ Бас директор болып тағайындалғанға дейін, 2018 – 2023 жылдар аралығында Ислам ынтымақтастығы ұйымында Бас хатшының ғылым және техника жөніндегі орынбасары болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -