«Rapid fire Pistol» жаттығуында Никита Чирюкин 584-ші ұпай нәтижемен финалға жолдама алған болатын, осы нәтижемен олимпиадалық квотаны жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақтық сайыста спортшы өзінің бірінші позициясын ұстап, алтын медаль жеңіп алды.

Никита Чирюкин Қазақстан Ұлттық құрамасының штаттық мүшесі, Шымкент қаласының өкілі.
