Қазақстан Мексикаға инвестициялық мүмкіндіктер ұсынды: халықаралық форумға шақыру

2849
Фотосурет: Gov

2024 жылғы 19 қаңтарда қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Тимур Пірімбетов пен Мексика Сыртқы істер министрінің орынбасары міндетін атқарушысы Дженнифер Феллер арасында кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған кездесуге сондай-ақ Мексика СІМ Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс жөніндегі Бас директоры Х.О. Трипп Вилльянуэва қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Мексика қатынастарының жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын жан-жақты талқылады. Әртүрлі салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту және тереңдету жөнінде нақты жоспарлар анықталды.

Тараптар Қазақстан мен Мексиканың өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру үшін зор әлеуетке ие екендігін атап өтті.

Дж.Феллер Қазақстанның Орталық Азиядағы Мексиканың басты серіктесі екенін атап өтті.

Алдағы әңгімеде Т.Пірімбетов мемлекет пен қоғамды жан-жақты және іргелі жаңғыртуға бағытталған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат шетелдік инвесторлар мен компаниялар үшін Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер мен преференциялар туралы айтып, мексикалық бизнесмендерді ағымдағы жылдың маусым айында Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Әңгіме соңында тараптар екіжақты күн тәртібін өзектендіру үшін тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті. Кездесу достық және сындарлы атмосферада өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -