Қазақстан мен Тәжікстан: бірлескен жобаларды қаржыландыру басты назарда

11506
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Ориенбонк» ААҚ Басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында сауда-экономикалық операцияларды жүргізу кезінде банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру, Қазақстанның банк операцияларын цифрландыру саласындағы тәжірибесін зерделеу және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды, сондай-ақ басқа да перспективалы жобаларды қаржыландыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

«Ориенбонк» ААҚ активтер мен капитал мөлшері бойынша Тәжікстанның банк секторының көшбасшыларының бірі. Оның 32 филиалы, 242 банктік қызмет көрсету орталығы бар, онда 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -