Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесіне дайындық отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қорғаныс ведомстволарының делегациялары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесін өткізуге дайындық мәселелерін талқылады.
Отырысқа ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының халықаралық әскери ынтымақтастық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастық жоспары бойынша ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесін өткізу биылғы жылдың 25-26 сәуіріне жоспарланған.
Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығына қарай қорғаныс министрлерінің кеңесі Астанада өтеді.