DFC Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдіреді

7095
Фотосурет: Gov

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АҚШ-қа жұмыс сапарының бірінші күнінде DFC Бас директорының орынбасары Ниша Десаи Бисвалмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында экономикалық дамудың негізгі аспектілері және екіжақты сауда көлемін өзара ұлғайту мәселелері қозғалды. Сонымен бірге, 2023 жылы Қазақстанда американдық компаниялардың қызметінің 12%-ға артқаны байқалды, бұл елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстардың нығая түскенін көрсетеді.

Титан, берилий, тантал және ниобий сияқты сирек металдарды өңдеудегі Қазақстанның бірегей мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылып, Қазақстанның бай шикізат базасы негізінде бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Тараптар екіжақты жобалар, соның ішінде Kazazot тыңайтқыштар зауытының құрылысы, электр көліктерін зарядтау станциясының өндірісі, сондай-ақ Ақтау портындағы контейнерлік хаб пен Батыс Қазақстанда көлік-логистикалық хабтың жобаларын әзірлеу мәселелерін талқылады.

Ниша Бисвал DFC-тің Қазақстанмен ынтымақтастықты көбейтуге үлкен қызығушылық танытып, елдің ауқымды жобаларды жүзеге асырудағы айтарлықтай әлеуетін атап өтті және ынтымақтастық перспективаларын одан әрі талқылау үшін Қазақстанға келуге ниетін білдірді.

DFC – дамушы елдерге жеке инвестицияларды тарту арқылы қызметі даму секторларын қамтитын мемлекеттік ұйым. Агенттік серіктестердің экономикалық дамуын, сондай-ақ өз елінің экономикалық мүдделерін қолдауға маманданған.

Бұл кездесу Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге стратегиялық бағдарын растайтын маңызды оқиға болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -