Мемлекет басшысының валюталық операциялар түріндегі капиталды шығаруды болдырмау туралы тапсырмаларын орындау мақсатында 2018 жылғы 26 маусымда ҚР ҚМ МКК-імен құзыретті органдармен қаржы шоттары туралы ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы көпжақты келісіміне (көпжақты келісім) қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Көпжақты келісім Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияны Конвенцияның (Страсбург Конвенциясы) 6-бабына негізделеді және қаржы шоттары бойынша автоматтандырылған ақпарат алмасудың бірыңғай стандартын (CRS) енгізуді көздейді.
2021 жылдың желтоқсанында шетелдік юрисдикциялармен ҚР резиденттері мен бейрезидентерінің қаржылық шоттары бойынша алғашқы автоматты алмасу жүзеге асырылды.
Алмасу мақсаты - салық төлеуден жалтарумен күресу және салық ережелерін сақтау деңгейін көтеру үшін салық және қаржылық ақпаратты жинау және ашу.
CRS шеңберінде қатысатын құзыретті органдар юрисдикциялар жыл сайын:
- өз елінің қаржы мекемелерінен көпжақты келісімге қатысушы басқа елдердің резидент – жеке және заңды тұлғаларының шоттары туралы ақпарат алады;
- жыл сайын осы ақпаратты сол елдердің құзыретті органдарына береді;
- көпжақты келісімге қатысушы басқа елдердің құзыретті органдарынан өз елінің резидент-жеке және заңды тұлғаларының шоттары туралы ақпарат алады;
- егер бұл бақылаушы тұлғалар көпжақты келісімге қатысушы елдердің резиденттері болып табылса, бақылаушы тұлғалар (бенефициарлық иелер) туралы ақпаратты алады және береді.
Жіберілген мәліметтер бойынша:
- 2021 жылы 51 юрисдикцияның резиденттері бойынша деректер жіберілді;
- 2022 жылы 58 юрисдикцияның резиденттері бойынша деректер жіберілді;
- 2023 жылы 59 юрисдикцияның резиденттері бойынша деректер жіберілді.
Алынған мәліметтер бойынша шаралар
CRS шеңберінде 2020-2021 жылдар кезеңінде 55 елден (БАӘ, Ұлыбритания, Түркия, Франция, Испания, Германия, Италия, Швейцария, Чехия, Польша, Корея, Қытай, Жапония, Сингапур және т.б.) ҚР резиденттерінің шоттары бойынша мәліметтер алынды.
Бақылаумен 1628 жеке тұлға қамтылды (мамырда – 569, қазанда - 1059). Камералдық бақылау орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтар 3 бағыт бойынша жүзеге асырылды. Бүгінгі күні хабарламалар 1292 адамға табысталды. Жалпы, жұмыс нәтижелері бойынша бюджетке 3 млрд. теңге жеке табыс салығы өндірілді.