Қазақстан мен Таиланд: мұнай-газ саласындағы жаңа мүмкіндіктер

412
Фотосурет: Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі

Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов «Bangchak Corporation» Тай энергетикалық компаниясының Басқарма Төрағасы Пичай Чунхаваджирамен кездесті, онда тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстандағы энергетика және минералдық ресурстарды өндіру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық дипломат Тай компаниясын Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті және инвестициялық ахуалды жақсарту үшін Қазақстан Үкіметінің қабылданып жатқан шараларына, шетелдік инвесторлар үшін жағдайларға, сондай-ақ инвестициялық қолдау құралдары туралы атап өтті.

Кездесу соңында тараптар мұнайды өндіру және өңдеу саласында одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ екі елдің энергетика саласындағы делегациялармен алмасу мүмкіндігін талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -