Болгарияда Қазақстанның таң қалдыратын табиғаты туралы жоғары пікірлер айтылды

522
Фотосурет: ҚР Болгариядағы елшілігі

Қазақстан Елшілігінің және ҚР-дың Пловдивтегі Құрметті консулдығының бастамасымен қаланың Орталық алаңында еліміздің табиғаты мен туристік әлеуетіне арналған «Зерттелмеген Қазақстан» атты тақырыптық фотокөрмесінің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға қала және облыс басшылығы, жергілікті зиялы қауымның, қазақ диапорасының, болгар жұртшылығының мен БАҚ өкілдері қатысты.   

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан - Еуразияның қақ ортасында, әлемнің ең көне өркениеттерінің және көлік артерияларының қиылысында, Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік, Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық және әлеуметтік, мәдени және идеологиялық байланыстардың тоғысқан жерінде орналасқан өте бай тарихы мен мәдениеті бар мемлекет екенін атап өтті. Қазақстандық дипломат мұның бәрі қазіргі Қазақстанды мықты, тәуелсіз және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде қалыптастыруда қуатты іргетас болғанын атап өтті.

Пловдив мэрінің орынбасары Пламен Панов өзінің сөзінде Қазақстанның дамуындағы жетістіктерге тоқталып, екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ, қала басшысының орынбасары Қазақстанның таңғаларлық табиғаты туралы жоғары пікірін білдірді.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылардың алдында Пловдив мэрінің орынбасары Пламен Панов, сөз сөйлеп, ел дамуының жоғары қарқынын және Қазақстан табиғатының шынымен таң қалдыратын түрлерін атап өтті. 

Өз кезегінде Қазақстанның Құрметті консулы Пламен Панчев Қазақстан мен Болгария өңірлері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық векторы біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамитынын айтты.

Іс-шара қонақтары Қазақстанның бірегей табиғатының, көркем ландшафтарының фотосуреттерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің пейзаждарын тамашалай алды.

Бұл фотокөрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін қолжетімді болады.

Пловдив - Болгарияның екінші үлкен қаласы және 8000 жылдан астам бүгінгі күнге дейінгі тарихы бар, Оңтүстік Болгарияның ең қарқынды дамып келе жатқан орталығы.

Қазақстанның Пловдивтегі Құрметті консулдығы 2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап ашылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -