Қазақстан мен Малайзия цифрлық технологиялар мен коммуникациялар туралы келіссөздер жүргізуде

553
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Малайзияның цифрлық технологиялар және коммуникациялар саласындағы ынтымақтастығы, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сайберджайда (Cyberjaya) Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның коммуникациялар және мультимедия жөніндегі комиссиясының Төрағасы Мохамад Сәлім Бин Фатех Динмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар коммуникациялар және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ осы саладағы өзекті сын-қатерлерді талқылады. Балалар мен отбасылардың құқықтары саласындағы заңнамалық реттеу, 5G инфрақұрылымын дамыту, Қазақстанның цифрландыру және электрондық үкіметті дамыту саласындағы табысты тәжірибесі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Комиссия төрағасы цифрлық технологиялардың өсіп келе жатқан рөлін ескере отырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту контекстінде ынтымақтастықты жолға қоюды ұсынды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -