Қазақстандық оқушылар халықаралық химия олимпиадасында 9 медаль жеңіп алды

1528
Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін химия пәнінен оқушыларға арналған 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өткен жарысқа 29 елден 200-ден астам оқушы қатысып, өзара 15 алтын, 30 күміс және 45 қола жүлдені таласқа салды.

Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола, барлығы 9 медаль жеңіп алды:

Алтын медаль - Ринат Илюсизов, Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейдің оқушысы.

Күміс медаль - Әділжан Молдағұл, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» лицей-интернатынан және Кирилл Ким, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен.

Қола медаль - Абылай Қабдулхадыр, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, Алихан Серікұлы, Haileybury Almaty халықаралық мектебі, Еңлік Бақытбекова, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тамила Рахимбаева, Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Санжар Қалиақбар, Қарағанды қаласының №1 «Білім-Инновация» мектеп-интернаты және Әліби Мұғалім, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» мектеп-интернаты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -