Қазақстан мен Қытай тауарлардың сапасы туралы Меморандумды талқылады

1022
Фотосурет: Gov

ҚР Сауда және интеграция министрлігініңТехникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы мен Қытай ХалықРеспубликасы арасындағы импорттық-экспорттық тауарлардың сапасын қамтамасыз ету және өзара сертификаттау саласындағы ынтымақтастықтуралы Меморандумды дайындау жөніндегі жобаны іске асырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2024 жылғышілдеде Қазақстанға жасаған сапары аясында меморандумға екі ел министрлері қол қоядыдеп жоспарлануда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қазан айындағы Қытайға ресми сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін, қытай тарапы мен тауарлардың нарықтарға өзара қол жеткізуінің жаңартылған механизмдері мен шарттарын айқындайтын жаңа келісімге қол қою мүмкіндігін пысықтау туралы Меморандум жобасымен жұмыс істеумақсатында 2024 жылдың 30 сәуірде ҚР СИМ ТРМК төрағасының орынбасары Жанна Есенбекова Бейжіңқаласы (ҚХР) ҚХР нарығын реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасының - SAMR өкілдерімен кездесті.

Кездесуде қытайлық әріптестермен бірлесіп Меморандум жобасы пысықталды, атап айтқанда, тәжірибе алмасу, өнімнің негізгі түрлері бойынша сәйкестікті бағалау нәтижелерін тану, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында үйлестіруді күшейту сияқты техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.

ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин 2024 жылдың жазында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -