Будапештте қазақ тілі оқулығы ұсынылды

1187
Фотосурет: Gov

Будапештте қазақ тілінің жаңа оқу құралы таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде Алматы қаласындағы «Полиграфкомбинат» ЖШС баспасында шыққан «Мажарларға арналған қазақ тілінің оқулығы» атты кітаптың алғашқы таныстырылымы өтті.

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов авторлар атынан кітаптарды қабылдауға келген Бабақұмар Хинаятты (Ибоя Такач және Бижомарт Қапалбекұлы) және «Rovás» руна жазу қорының президенті Ласло Шипошты қабылдап, 300 дана кітапты табыстады.

Б. Хинаят хабарлағандай, оқулықтың ресми тұсаукесерін шілде немесе тамыз айларында Мажарстанның Лакителек Халықтық университетінде өткізу жоспарланған.

Кітаптар Мажарстанның Ұлттық кітапханасына, жоғары оқу орындары мен тіл орталықтарына, қыпшақтар тығыз орналасқан Надькуншаг және Кишкуншагтағы елді-мекендердің орталық кітапханаларына беріледі.

Кітап авторларының өтінішіне байланысты кітаптар баспада жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Будапешт қаласына жеткізілді.

Айта кететін жайт, Оқулық Мажарстанның Шығыс және Орталық Еуропалық зерттеулерді қолдау қоры, Мадияр-Тұран қоры, Лакителек институты, «Rovás» руна жазу қоры мен Алматыдағы Мемлекеттік тілді дамыту институтының қолдауымен жарық көрді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -