Қазақстан мен Малайзия ынтымақтастыққа дайындығын растайды

1131
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Малайзия сауда мен инвестицияларын ұлғайтуды көздейді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның Инвестициялар, сауда және индустрия министрі Зафрул Абдул Азизбен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Елшісі елдер арасында сауда және инвестициялар саласындағы кооперация жасау үшін, әсіресе Малайзия Премьер-Министрінің Қазақстанға алдағы сапары аясында айтарлықтай әлеует бар екенін айтты. Ол сондай-ақ Бірлескен сауда-экономикалық комитеттің (БСЭК) тиімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Зафрул Абдул Азиз Малайзия Премьер-министрінің Қазақстанға алдағы сапарының маңыздылығын атап өтіп, оның Астана мен Путраджая арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

«Біздің Премьер-министрдің Астанаға сапарынан Малайзия нақты нәтиже күтеді, себебі Қазақстан Малайзияның Орталық Азия өңіріндегі басты сауда-экономикалық серіктесі. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 30%-ға артқанына қуаныштымыз және жыл сайынғы қалыпты ұлғаюды байқаймыз» Министр

Ол сапар барысында малайзиялық тарап екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды арттыру мақсатында бизнес капитандарының қатысуымен Астанада «дөңгелек үстел» өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Министр БСЭК жұмысының маңыздылығымен келісіп, 2024 жылғы маусым айында Куала-Лумпурда Комитеттің кезекті 4-ші отырысын өткізуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық сипаттағы кең ауқымды мәселелер бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Қазақстан мен Малайзия арасындағы бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жөніндегі жұмысты бірлесіп үйлестіруге келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -