Латвияның «Тоғызқұмалақ» федерациясы Литвада Тоғызқұмалақ пен Бестемше бойынша Халықаралық балалар турнирін өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
2024 жылғы 4 мамырда Вильнюсте 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Латвияның «Тоғызқұмалақ» федерациясы Литвада тоғызқұмалақтан мастер-класс және халықаралық балалар достық турнирін (турнирге қатысушылардың жасы 5-тен 17 жасқа дейін), сондай-ақ Бестемше (тоғызқұмалақтың жеңілдетілген нұсқасы) бойынша 1-ші халықаралық балалар жарысын өткізді.
Оған Латвияның 5 жасар азаматшасы Анастасия Ермакова мен Қазақстанның 6 жасар азаматы Даир Дәуренұлы қатысты.
Іс-шараға Қазақстаннан, Латвиядан және Литвадан 30-дан астам бала қатысты.